"Қазгидрометтің" 4 қазандағы күн райына болжамы

"Қазгидрометтің" 4 қазандағы күн райына болжамы
Cурет: Baribar.kz

Қар жауады, жел күшейеді.

"Қазгидромет" 4 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжауын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, онда тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, түнгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі, республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын бақыланады. Қазақстанның батыс жартысы антициклонның жотасының әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.