Мәскеудегі Премьер-лига: Төрт спортшымыз финалға шықты

Мәскеудегі Премьер-лига: Төрт спортшымыз финалға шықты
Cурет: Olympic.kz

Алтын жүлдеге таласады.

Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі жалғасуда. Бүгін финалдық бәсекелер өтеді. Қазақстан сапынан төрт спортшы алтын жүлдеге таласады деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 
Атап айтар болса, қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі) және Софья Берульцева (68 келі) ақтық сында айқасады.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай финалдық жекпе-жекте күш сынайды.