Қазақстанға Қытай вакцинасының алғашқы партиясы келді

Қазақстанға Қытай вакцинасының алғашқы партиясы келді
Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Бұл еліміздің Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздерінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылды.

2021 жылғы 10 тамызда коронавирусқа қарсы sinopharm вакцинасының бірінші партиясы бар ұшақ Алматыға келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Sinopharm Қытай вакцинасының бірінші партиясы 1 млн. дозадан тұрады. Sinopharm вакцинасы жақын күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болатын ҚР-да бесінші тіркелген вакцина болады.

 Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін ҚР ДСМ КСК рұқсат қағазына сәйкес жедел тәртіпте еліміздің өңірлеріне жіберіледі.

 Синофармның Қытай вакцинасы ДДҰ-мен 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай.

 Бұл ДДҰ қауіпсіз және тиімді деп таныған алғашқы қытайлық препарат, 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген. Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды.