Абай шығармашылығында қазақтың болмысы тұтастай көрініс тапқан

Абай шығармашылығында қазақтың болмысы тұтастай көрініс тапқан
Сурет: Almaty.tv

Бұл - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», - деген жазба жариялады еліміздің Президенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленген болатын.