Қазақстанның екі мегаполисі мен үш облысы әлі де "қызыл" аймақта

Қазақстанның екі мегаполисі мен үш облысы әлі де "қызыл" аймақта
Сурет: Alau.kz

Алматы қаласы эпидахуал картасында "қызыл" аймақта орналасқан

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 8 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

 «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

 «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.