Қазақстандықтар жыл басынан бері 1,5 трлн теңгеден астам зейнетақы алған

Қазақстандықтар жыл басынан бері 1,5 трлн теңгеден астам зейнетақы алған
Сурет: Strategy2050.kz

2021 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша, зейнеткерлер саны 2 млн 238 мың адамды құрайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 млрд теңгеден астам қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 154,1млрд теңге бөлінді.

 Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 99 921 теңгені құрады.

 Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.