Қазақстандықтар Ресейге қалай барады?

Қазақстандықтар Ресейге қалай барады?
Сурет: Gazeta.ru

25 шілдеден бастап Ресейге әуе рейстерімен ұшып бару үшін қазақстандықтар «Путешествую без COVID-19» қосымшасын пайдалануы тиіс.


Тест Ресей еліне кіргенге дейін кемінде 72 сағат бұрын тапсырылуы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Инновация және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап. 


Аталған платформаның көмегімен коронавирусқа талдау жасау үшін ең жақын зертханаларды табуға болады. Тест нәтижесі QR код түрінде жіберіліп, оны шекарада көрсету керек.


Сондай-ақ, нәтижелер өзара ықпалдастырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бұл Қазақстан азаматтарына Ресей аумағына Армения, Беларусь және Қырғызстанның әуе өткізу тіректері арқылы (транзитпен) кіруге мүмкіндік береді.


«Путешествую без Covid-19» қосымшасын пайдаланудың тәртібі мынандай: 
1. Қосымшаны жүктейсіз.
2. Бағдарлама ұсынған тізімнен ең жақын зертхананы таңдайсыз.
3. ПТР-тест тапсырғаннан кейін нәтижені QR-кодты (оны зертхана береді) сканерлеу арқылы «Тесттер» бөліміне жүктейсіз.