Қазақстандық теннисшілердің бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіндегі орындары белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіндегі орындары белгілі болды
Сурет: Inform.kz

Зарина Дияс әлемдік рейтингте үздік жүздікке қайта оралды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 34-орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осылайша А.Бублик дүниежүзілік рейтингідегі өзінің үздік нәтижесін қайталап отыр. Тимофей Скатов 269-дан 266-ға жоғарылады. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады. Керісінше Михаил Кукушкин 147-ден 159-ға сырғыды.

Дмитрий Попко 161-ден 162-ге ауысты. Бейбіт Жукаев 760-тан 746-орынға жайғасты. Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 19-ға сырғыды. Юлия Путинцева 44-орнында қалса, Зарина Дияс 104-тен 100-сатыға көтерілді. Сөйтіп, Зарина үздік жүздікке қайта оралды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Қарағандыдағы турнирдің чемпионы атанғанын, Зарина Диястың АҚШ-тағы турнирдің финалында есе жібергенін жазған болатынбыз.