Қазақстанда 9 айда 9 тонна марихуана тәркіленді

Қазақстанда 9 айда 9 тонна марихуана тәркіленді
Inform.kz

Елімізде ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 1929 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Осы жылдың 9 айында 1929 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 1136 есірткі өткізу фактісі және 326 нашаны ірі көлемде сақтау фактісі бар. Ұйымдасқан 7 қылмыстық топтың жолы кесілді. Олардың үстінен топтарды құрды және басқарды деген күдікпен 13 қылмыстық іс қозғалды. 12 тоннадан астам әр-түрлі есірткі құралдары алынды, оның ішінде 4,9 кг героин, 9 тоннадан астам марихуана, 376 кг гашиш және 107 кг синтетикалық есірткі бар», - деді басқарма бастығы онлайн брифингіде.

Оның айтуына қарағанда, жыл басынан бері сақшылар 13 есірткі зертханасының көзін жойған. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтанда – 2, Қарағанды облысында – 4, Алматыда – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 3, Ақтөбе облысында – 1 зертхана табылған.