Қазақстан құрамасы гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды

Қазақстан құрамасы гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды
Сурет: Olympic.kz

Гандболшы қыздар Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан құрамасының еншісіне шешілді. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен есе жіберген болатын. 

Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24  есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.