Қазақстан Президенті Әзірбайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.
Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзірбайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты.