Қазақстан Президенті Шығыс экономикалық форумына қатысады

Қазақстан Президенті Шығыс экономикалық форумына қатысады
Сурет: Еlorda.info

Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы хабарлаған Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбук парақшасында «3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы «Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері», -деп жазылған.