Қазақстан командасы су добынан Ресей чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан командасы су добынан Ресей чемпионатын жеңіспен бастады
Cурет: Olympic.kz

Қазақстан командасы өзбекстандық қарсыластарынан басым түсті

Златоустта су добынан әйелдер командалары арасында Ресей біріншілігінің І кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған турнирге қазақстандық "Айша-Бибі" (Тараз) командасы қатысты. 

Алғашқы ойында қазақстандық команда Өзбекстан құрамасына қарсы ойнады. Кездесу 20:8 (5:2 3:2 4:2 8:2) есебімен қазақстандық спортшылар еншісіне шешілді. 

Қазақстандық команда жарыстың екінші айналымында Уралочка-ЗМЗ командасымен кездеседі. Аталған кездесу ертең, 11 қараша күні өтеді.