Қазақстан астанасына 10 мың доза вакцина әкелінді

Қазақстан астанасына 10 мың доза вакцина әкелінді
Сурет: 24.kz

Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші компонентінің 5 мың дозасы және екіншісінің 5 000 дозасы қалалық емханаларға, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне бөлінді.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына отандық вакцинаның 10 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.

 Отандық препаратты «Медикер Астана» ЖШС, «Медикер педиатрия», «Отбасылық дәрігерлер клиникасы», UMC корпоративтік қорынан алуға болады.

«Жергілікті вакцина біраздан бері болған жоқ. Жұрттың бір бөлігі бұл вакцинаның түсуін күтіп жүрді, енді ол қолымызға түсті. Айта кетейік, вакциналар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СК-Фармациямен бірлескен бұйрығы мен кестесіне сәйкес таратылады. 10 мың доза тізім бойынша қолда бар вакциналау пункттеріне үлестіріледі. Бүгін-ертең егу пункттеріне жеткізілуі тиіс», - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма екінші компонентті алуда қиындық болдырмас үшін азаматтардан мүмкіндігінше бір жерден алуды, яғни екі компонентті де бір егу пунктінде алуды сұрайды.

«Бірінші компонентті бір пункттен, екіншісін мүлдем басқа пунктен алуға келгендер болды. Біз қала тұрғындарынан тиісті уақытты сақтай отырып, вакцинаны бір пунктте алуды сұраймыз», - деп толықтырды басқарма.

Қазіргі уақытта елордада вакцинаның екі түрі бар: ресейлік «Спутник» және қазақстандық «QazVac».