Қазақ нокаутшысы Алматыдағы бокс кешіне қатысады

Қазақ нокаутшысы Алматыдағы бокс кешіне қатысады
Сурет: Рrosports.kz

Нұрдостың қарсыласы анықталды

Кәсіпқой мансабында бірде-бір жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай (7-0, 5 КО) келесі жекпе-жегіндегі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстандыққа тәжірибелі беларусь боксшысы Надзир Бақшиев (7-13) қарсылас атанды. Олардың жекпе-жегі 11 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінде болмақ.

Еске салайық, 20 жастағы Төлебай соңғы жекпе-жегін 26 қазан күні Алматыда өткен бокс кешінде өткізді. Боксшының қарсыласы Тәжікстан өкілі Бахтовар Сагизов болды, оны Нұрдос екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.