Қасым-Жомарт Тоқаев: КазВакқа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде

Қасым-Жомарт Тоқаев: КазВакқа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде
aqmolanews.kz

«КазВакқа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Короновирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Біз уақытты ұттырмай, індетпен күресу іс-шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан - коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқ. Қазір КазВакқа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде», - деді Қазақстан Президенті.