Қаруланған екі адам тойда оқ атты (ВИДЕО)

Қаруланған екі адам тойда оқ атты (ВИДЕО)
Cурет: 24.kz

Күдіктілер анықталып, біреуі уақытша қамау изоляторына қамалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойға қаруланған адамдар басып кіріп, оқ атқан. Оқиға 1 қаңтарда болды. Кейін мейрамхана ішінде түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Видеодан екі адамның мейрамханаға кіріп, оқ атқанын көруге болады. Полицияда шабуылды дұшпандық қарым-қатынас негізінде жасалғанын мәлімдеді. 

«Күдіктілер анықталып, біреуі уақытша қамау изоляторына қамалды. Үржар ауданы полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу жұмыстары басталды. Аталмыш бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастылырған», - делінген ШҚО Полиция департаменті хабарламасында.