Қарағанды зауыты 5 млн доза вакцина шығарды

Қарағанды  зауыты 5 млн доза вакцина шығарды
Сурет: ҚФК телеграм каналы

ҚФК мен СҚ-Фармация арасында азаматтарды вакциналау үшін тағы Спутник V екпесінің 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасалды.

Шартты орындау мерзімі 2021 жылғы тамыз-қыркүйек айлары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қарағанды фармацевтика кешенінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Қарағанды фармацевтикалық кешені ел азаматтарын вакциналау үшін Спутник V препаратының 5 млн дозасын жеткізу бойынша міндеттемелерін уақытында орындап, коронавирусқа қарсы ресейлік ҒЗО-ның препаратын шығару және жеткізу бойынша жаңа міндеттемелер алды.

Келісімшарт талаптары бастапқы кезеңдегідей (ҚР 5 млн дозамен қамтамасыз ету) толық көлемде сақталатын болады.