Қарапайым заттар экономикасы: Алматыда 42,7 млрд теңгенің 27 жобасы қаржыландырылды

Қарапайым заттар экономикасы: Алматыда 42,7 млрд теңгенің 27 жобасы қаржыландырылды
Сурет: 24.kz

Қаланың «дизайн кодына» отандық құрылыс материалдарын енгізу жоспарлануда.

Бұл мегаполистегі шағын және орта бизнестің дамуына айтарлықтай әсер етті. Бағдарламаны іске асырудың егжей-тегжейін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биылғы жылы осы бағдарлама бойынша 42,7 млрд теңге сомасына 27 жоба қаржыландырылып, мақұлданды. Сүйемелденетін жобалардың ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласы жетекші орында – 70%, одан әрі қызмет көрсету саласы.

Айтуар Қошмамбетов мынадай мысалдар келтірді: сусындар мен тамақ өнімдерін өндіретін RG Brands Kazakhstan кәсіпорнына тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу үшін 4,3 млрд теңге сомасында кредит берілді, сусындар өндіретін «Жигалма» ЖШС айналым қаражатын толықтыру үшін 1 млрд теңге сомасында несие алды.

Бұдан басқа, ол биыл алматылық өндірушілер пулы құрылғанын еске салды. Олармен бірге проблемаларды анықтау және өндірушілердің нақты жүктемесі үшін қала әкімінің орынбасарлары өндіріс орындарын бірлесіп аралайды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 30-дан астам отандық кәсіпорындардың жұмысы қаралды.

Айтуар Қошмамбетов 2021 жылы Алматыда жергілікті өнім шығаруды белсенді қолдағанын айтты. Мысалы, отандық өндірушілер арасынан 400 млн теңге сомасына мектеп жиһазын жеткізуге консорциуммен келісімшарт жасалды. Тағы бір «Склад ОВ» кәсіпорны 50,6 млн теңге сомасына 19 мың секция радиаторын жеткізуге келісімшарт жасады. «Алматылифт» компаниясы 449 млн теңгеге 46 лифт шығарды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС-мен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша құрылыс материалдарының каталогы жасалатынын айтты. Қаланың «дизайн кодына» отандық құрылыс материалдарын енгізу жоспарлануда.