Қанат Ислам шаршы алаңда қайта өнер көрсетпек

Қанат Ислам шаршы  алаңда қайта өнер көрсетпек
Сурет: Twitter

Бірегей спортшы

Қазақтың маңдай алды спортшысы, 36 жастағы боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) осы жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Осы оқиғаға арналған бокс кешін Turan Promotion ұйымдастырады. Іс-шараның күні мен орны талқыланып жатыр, бірақ оның 2021 жылы өтетіні белгілі.

Қанат Стамбулда (Түркия) жаттығады. Ол жаттығуды маусым айында бастауды жоспарлады, бірақ белгісіз себептермен кейінге қалдырылған.

Кейінгі жекпе-жегін ол 21 ақпанда Майамиде (Флорида, АҚШ) эквадорлық Джейсон Миндоуге (14-4-1, 8 КО) қарсы өткізді.

Жетінші раундта отандасымыз қарсыласын нокаутқа жіберді. Жекпе -жектен кейін боксшының менеджері Нельсон Лопес Қанаттың маусым айында тағы бір жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Жалпы, биыл қазақстандық боксшы екі кездесу өткізуді жоспарлаған.

Сондай-ақ, ақпан айындағы жекпе-жек қазақстандық былғары қолғап шебері үшін 2019 жылдың қазанынан бергі бірінші кездесу болды. Алматыда өткен кездесуде ол төрешілердің бірауызды шешімімен намибиялық Вальтер Кутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International титулын қорғады.