Ресей жазушысы Өзбекстан аумағын Ресейге қосқысы келеді

Ресей жазушысы Өзбекстан аумағын Ресейге қосқысы келеді
Сурет: ашық дереккөз

Ресей елшісі Олег Малгинов «Әділетті Ресей-патриоттар – шындық үшін» саяси партиясының тең төрағасы, Ресей жазушысы Захар Прилепиннің сөзіне байланысты Өзбекстан СІМ-не шақырылды. Онда З.Прилепиннің «Өзбекстан аумағын Ресейге қосу» туралы ұсынысы «аса қатты алаңдаушылық» тудырғаны Ресей өкіліне жеткізілді, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Партия лидерлерінің мұндай мәлімдемелері екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке іріткі салатынын атап өтті.

Біріккен командирлер кеңесінің отырысында Прилепин «бізге, гастарбайтерлер келетін аумақтарды қосу керек, содан кейін онда туған балалар бірден орыс тілін үйренеді», - деп мәлімдеді, деп жазды Өзбек сыртқы саяси ведомствосы. 

Бұған дейін де Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Ресейдегі мигранттар елдегі дінаралық және ұлтаралық бейбітшілікке қауіп төндіретінін айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Өзбекстан билігі Ресейге барған мигранттардың балаларына арнап жеке балабақшалар мен мектептер ашуды ұсынды. Білім ошақтары отандастардың қаражаты есебінен салынып, Ресейдің білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеуі керек екенін айтқан.