Жұмыс іздеушілерге тиімді іздеу мүмкіндігі ашылады

Жұмыс іздеушілерге тиімді іздеу мүмкіндігі ашылады
www.gov.kz

Электрондық еңбек биржасында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бос жұмыс орындары қолжетімді болды

ҚР Еңбекмині «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірлесіп, электрондық еңбек биржасы және Samruk Qyzmet порталдарының интеграциясын жүргізді. Енді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындардың орналастырылған бос жұмыс орындары ЭЕБ пайдаланушыларына қарап, пікір білдіру үшін қолжетімді болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Жалпы, біз электрондық еңбек биржасының бос жұмыс орындары базасын тұрақты түрде кеңейтуге тырысамыз, бұл жұмыс іздеушілерге мүмкіндігінше көп жұмыс мүмкіндіктерін ұсынады. Осылайша, ЭЕБ-де қор порталымен интеграцияның арқасында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына кіретін 170-тен астам ұйымның бос жұмыс орындары қолжетімді болады», – деді «ЕРДО» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.

Қазіргі уақытта ЭЕБ-да Қордың 59 компаниясынан 900-ге жуық өзекті бос жұмыс орны орналастырылған, оның 650-і тұрақты жұмыс орындары.

«Екі порталды интеграциялау – бұл үлкен қадам, себебі қазақстандық пайдаланушылар үшін жұмысты жылдам әрі тиімді іздеу мүмкіндігі ашылады. Ал «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобының компаниялары үшін жұмыс іздеушілердің көп санына қолжетімділік кеңейтіледі, бұл нәтижесінде білікті мамандарды неғұрлым сапалы іріктеуге ықпал етеді. Өз кезегінде, Электрондық еңбек биржасы порталы жаңа және өзекті бос жұмыс орындармен толықтырылды. Біз интеграцияны жүзеге асыру үшін көп жұмыс жасадық және енді жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар біздің еңбегіміздің нәтижелерін пайдалана алатынына қуаныштымыз», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Бексұлтан Бекмұратов.