Жұмыртқа қолжетімді болады

Жұмыртқа қолжетімді болады
almaty-akshamy.kz

Тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімді болуы қала билігінің үнемі назарында.

Азық-түлік өнімдерін шығаратын жергілікті отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, сондай-ақ Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Алсад Қазақстан» ЖШС арасында 1-санаттағы «Alsad» тауық жұмыртқасын 49,5 млн. данамен шығару және өткізу бойынша қарыз шарты жасалды.

«Alsad» бренді бірінші кезеңде «Magnum» супермаркеттерінің сауда желілері арқылы, ал екінші кезеңде қаланың басқа да ірі сауда желілерінде сатылатын болады.

Аталған жұмыртқаның сөредегі бүгінгі бағасы 448 теңге (10 данасы).

Алматы қаласы статистика департаментінің апта сайынғы мониторингіне жүгінсек, қала бойынша 2 қыркүйектегі жағдайға сәйкес, 1-санатты тауық жұмыртқасының орташа бағасы – 486 теңге.