Жүлдегері Махмұд пікір білдірді

Жүлдегері Махмұд пікір білдірді
Сурет: Ng.kz

Жеңімпаз ойы

Ұлттық Олимпиада комитеті дергінше, бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан Altyn Samǵaý-2021 Ұлттық спорттық жүлдесінің «Жыл жаңалығы» аталымында үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы орайда, боксшы үміткер қатарында болудың өзі зор мәртебе екенін жасырған жоқ. 

«Алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, күміс медаль алдым. Бұл оқиғадан кейін өмірім айтарлықтай өзгерген жоқ. Жаттығуды, дайындықты әрі қарай жалғастырып, жаңа белестерге ұмтыламыз.

Ал ұлттық спорттық жүлдеге үміткер ретінде қосылғанымның өзі мен үшін абырой. Еңбегімізді елеп жатқан жандарға, дауыс беріп жатқан жанкүйерлерге рахмет! Егер бұл аталымда жеңіске жетсем, нұр үстіне нұр болары сөзсіз», - деді боксшы.