Жұма күні елдің басым аумағында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Жұма күні елдің басым аумағында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Сурет: Tengrinews.kz

29 сәуір күні республиканың басым аумағында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Барлық өңірде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында күндіз дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің күші 23-28 м/с артады.

Ақмола облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 25 м/с артады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында желдің күші 23 м/с жетеді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.