Жұлдыз Ешимова әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

Жұлдыз Ешимова әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
Сурет: 24.kz.

Бұл - төртінші медаль.

Жұлдыз Ешимова әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір қола жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Әйелдер күресі бойынша 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұлдыз Ешимова жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық Актенге Кеунимжаевамен кездесті. Екеуара кездесу 5-1 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, бұл - әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының аталмыш құрлық біріншілігіндегі төртінші медалі.