Жүктілік пен жұмыссыздық бойынша төлемдерді арттыру қарастырылуда

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 300 мыңнан астам ана жүктілігі бойынша төлем алып отыр.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 300 мыңнан астам ана жүктілігі бойынша бұрынғы орташа еңбекақысының 100 пайызын, ал балаға қарау кезеңінде еңбекақысының 40 пайызын алып отыр. Сондай-ақ, жұмыссыз қалған 105 мың азаматқа олардың еңбекақысының 40 пайызына дейін 6 айға дейін беріліп жатыр. Кейінгі жылдары бұл төлемдердің мөлшерін едәуір көтеру мәселесі қарастырылуда», - деді Тамара Дүйсенова Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұған дейін Тамара Дүйсенова Яндекс, Убер, Вольт және Глово платформаларында жұмыс істейтіндердің де әлеуметтік құқықтары қорғалатынын айтқан еді. Сонымен бірге, 24-30 маусым күндері бос жұмыс орындарының алғашқы онлайн-жәрмеңкесі өтеді.