Жолдаудағы реформаларды жүзеге асыруға ұстаздар қауымы да жауапкершілікпен атсалысады

Жолдаудағы реформаларды жүзеге асыруға ұстаздар қауымы да жауапкершілікпен атсалысады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жолдауды қолдау.

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауынан халық тек жақсылық күтеді. Ондағы реформалардың жүзеге асуы үшін елдің әрбір азаматы оған үлес қосу керек деп есептейді. Елдің жарқын  болашағына сенетіндердің қатарында ұстаздар қауымы да баршылық. 

«Тәуелсіз еліміздің қазіргі күнгі дамып, осы күнгі ынтымағы, бірлігі үлкен еңбекпен келгенін оқушыларымыздың бойына осыларды жақсылап сіңіру керек екендігі де осы жерде айтылды. Бұл ұстаздар үшін, мұғалімдер қауымы үшін үлкен жауапкершілік деп түсінеміз. Алдағы уақытта осы саяси реформалар мен әлеуметтік экономикалық бағыттар көбірек айтылды ғой жолдауда. Ұстаздар қауымы осы жаңалықтарды, білім саласына енгізілетін жаңалықтарды, осы реформалардың бәрін жүзеге асыруға жауапкершілікпен ат салысамыз», - дейді Мүсілім Базарбаев атындағы № 138 гимназиясының директоры, Әлия Еламанова.