Жолдауда айтылған нақты тапсырмалардың барлығы жарқын болашаққа жол ашады - пікір

Жолдауда айтылған нақты тапсырмалардың барлығы жарқын  болашаққа жол ашады - пікір
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жолдауды қолдау.

Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының маманы Гүлден Жашаралина Президенттің жақында халыққа жолдаған Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Жас маманның айтуынша, білім саласындағы педагогтар мен оқытушыларды аккредитациялаудың маңызы зор. 

«Университеттің оқытушыларын және де мемлекеттік мекемелерді жұмыс жасайтын педагогтардың бес жыл сайын ғана емес, үш жыл сайын аккредитатциялау, яғни біліктілігін арттырып отыруын жаңарту керектігін де атап көрсеткен болатын. Бұл дегеніміз мемлекеттегі жастарға мұғалімдердің жаңа білімді әр жыл сайын жаңа түрде, жаңа формада беруін қамтамасыз етіп отырудың анық көрсеткіші деп айтсақ болады», - дейді ол.

Гүлден Жашаралина Жолдауда айтылған міндеттердің бәрі ел болашағына жол ашады деген сенімде. 

«Сонымен қатар балабақшаны да аккредитатциялау мәселесіне келіп тоқтаталатын болсақ, тек қана балабақшаны ғана емес, соның ішінде тәрбиешіні жекелей түрде аккредитатциялау мәселесіне анық түрде тоқталған болатын. Президентіміздің бүгінгі жолдауында көрсеткен, атап айтқан нақты жолдамаларының барлығы алдағы таңда біздің мемлекетіміздің жоғары деңгейде өсіп, жарқын болашаққа жол ашатынына сенімім мол», - дейді Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының маманы Гүлден Жашаралина.