Жолаушылар пойызындағы өртке байланысты ҚТЖ комиссиясы тексеруді бастады

Жолаушылар пойызындағы өртке байланысты ҚТЖ комиссиясы тексеруді бастады
Сурет: Inform.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы вагонындағы өртке қатысты комиссия құрып, тексеруді бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«2022 жылғы 8 қазанда сағат 2:35-те №22 «Қызылорда-Семей« жолаушылар пойызы вагонында туындаған өртке байланысты пойыз Түлкібас-Тараз учаскесінде шұғыл аялдама жасады. Жолаушылар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Вагонның бес купесін шарпыған от өрт сөндіру қызметтері мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттерімен сөндірілді.

Вагонда болған жолаушылар пойыз құрамының бос орындарына орналастырылды. Пойыз сағат 6-дан 6 минут өткенде жолға шықты.

Тексеріс жүргізу үшін «ҚТЖ« ҰК» АҚ-да комиссия құрылды», - делінген компания мәліметінде.