Жолаушылар пойызында әйелдерге гүлдер мен сыйлықтар берілді

Жолаушылар пойызында әйелдерге гүлдер мен сыйлықтар берілді
Сурет: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарда жүзден астам әйел жолаушыларға гүлдер мен сыйлықтар табысталды.

Әйелдер қауымына саксофон әуені мерекелік көңіл-күй сыйлып, ал пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыш арқылы тілектер айтылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыйлық алған әйелдер қауымы ықылас лебіздерін айтып, жолсеріктерге алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, бұл күні еліміз бойынша 8 Наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты. Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері нәзік жандарды жыл сайын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Барлық облыстарда жолаушы әйелдерді құттықтау шаралары өткізілуде.

Айта кетейік, жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында орта есеппен 13 млн астам жолаушы қатынайды, олардың ішінде жартысы әйелдер қауымы.