«Жол қателікті кешірмейді»

«Жол қателікті кешірмейді»
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері әйнектері қараңғыланған көліктерді анықтайтын құрылғыны пайдалануда.

Алматылық патрульдік полиция қызметкерлері пилоттық нұсқада көлік әйнектерін қараңғылап алған жүргізушілерді анықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамалық талаптардан сәл ғана ауытқудың өзі қайтымсыз салдары бар апаттарға әкеп соқтыратынын бәрі біледі.

«Жол қателікті кешірмейді» аксиомасы, әсіресе жол ережесін елемейтін азаматтар үшін өзекті. Жол қозғалысына бейқам қатысушыларды анықтау мақсатында полицейлер тұрақты түрде жергілікті рейдтер және мақсатты іс-шараларды өткізеді. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесуге, оның ішінде әйнектерін қараңғылап алған көліктерді анықтауға ерекше назар аударылады. Тәртіп бұзушы дереу пленканы алып тастауға міндеттеліп, оған қатысты хаттама толтырылады», – деді ЖПҚБ мамандандырылған батальонының командирі Жәнібек Өскембаев.