Жоғалып кеткен Түркістан облысының тұрғыны 25 жылдан соң табылды

Жоғалып кеткен Түркістан облысының тұрғыны 25 жылдан соң табылды
Cурет: pixabay.com

Балалар үйінен соң арнайы интернатта тәрбиеленген

Түркістан облысында тағдыр тәлкегімен аралары ажырап кеткен бауырлар 25 жылдан соң қауышты.  Ағайындылар кенжелерін 4 жасында жоғалтып алған. Қуаныш сыйлаған аймақ полицейлеріне олардың алғысы шексіз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғыны Ботакөз Толыбаеваның 25 жыл бұрын көз жазып қалған інісін полицейлер тауып берді. Ағайынды екі ұл бір қыз ата-анадан жастай қалып, Ботагөздің тоғыз жастағы ағасы мен төрт жасар інісін туыстары ширек ғасыр бұрын балалар үйіне өткізген екен.

«Жүрегім тіпті толқып қуанып інімнің табылғанына..қуанып отырмын өзім шынымды айтсам..рақмет. Табылғанына шүкір... Інім 4 жаста кеткен. Ол кезде онша сөйлей алмайды, шамалы сақаулау тұғын. Сол төрт жаста детдомға өткізді. Темірланға өткізгем деді ,әкемнің інісі өткізген. Одан кейін ол жаққа іздеп бардық. Ол жақта «біреу асырап алды деді, бірақ оның адресі жоқ»,-дейді Түркістан облысының тұрғыны Ботагөз Толыбаева.

Архивтен тауып бере алмады бізге. Ботагөз інісін көп іздегенін айтады. Бірақ полиция көмегіне жүгінбепті. Соңғы екі жылда полицияға да жүгінген. 29 жастағы інісін  Төле би ауданындағы жеке шаруашылықтардан тәртіп сақшылары тауып берген. Жергілікті тұрғынның бірі құқық қорғаушыларға, жас жігіттің тұтқында жүргенін хабарлапты.

«Қазіргі таңда азаматқа жәбірленушіге қатысты арызы бойынша 126 баппен тергеп тексеру амалдары жүргізілді. Сот медициналық сараптамалар, тағы да бірнеше сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде заңды шешім қабылданады»,-деді Түркістан облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтанбек Үсіпбеков.

Полицияның дерегінше, бауырларынан бала күнінде ажырап қалған жігіт ата-анасының қайтыс болғанын, өзінің бірге туғандары бар екенін бейхабар екенін айтқан. Балалар үйінен соң арнайы интернатта тәрбиеленген. Ес білгелі аудан ауылдарда қоныс аударып, әркімге жалданып жұмыс істеп келген көрінеді. Қазір бұл істі қолға алған облыс полицейлері «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша тергеп тексеру жұмыстарын бастап кетті.