Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды
Сурет: ашық дереккөз

Шаһарымыздың үздіктері «Жыл таңдауы №1», «Алтын адам – Жыл адамы» және «Қоғам таңдауы» айдарлары бойынша марапатталды.  Марапатқа қоғамның әртүрлі саласындағы қаймақтары таңдалды. «Alatau aqparat» медиахолдингіне қарасты «Вечерний Алматы» газеті, «Қоғам таңдауы» номинациясымен марапатталды.

 Салтанатты іс шарада «Жыл спортшысы», «Жыл дәрігері», « Ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін», «Жыл құтқарушысы» және «Жыл ғалымы» номинациясы бойынша жыл үздіктері марапатталды. Іс шараға қатысушылар қоғамға сіңірген еңбектері үшін  бағаланды.

Қоғамда болып жатқан шынайы ақпаратпен бөлісетін, саяси-экономикалық маңызы бар «Вечерный Алматы» газетінің орны ерекше. Осы орайда қоғамның көңілінен шығып, үздік газет «Қоғам таңдауы» номинациясымен марапатталды. Осы орайда Alatau aqparat медиахолдингінің директоры Ержан Қалымбайұлы өз ойымен бөлісті.

Бүгін өте ерекше күн. Еліміздің әр саласындағы үздіктерінің бағаланып, ескерілуі әділеттілік деп санаймын. Бұндай марапаттар болашақ мамандар үшін өте маңызды. Үздік болуға ұмтылу жастарға ерекше серпін береді. Өз саласының білікті маманы болуыға итермелейтін болады. Вечерний Алматы газетінің жоғары марапатқа ие болуы біз үшін үлкен мәртебе,- деді Ержан Қалымбайұлы.

  Денсаулық сақтау саласына өз үлесін қосқаны үшін Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті, дәрігер Еркінбек Исмаилов «Жыл дәрігері» номинациясы бойынша марапатталды.

Бүгін мен үшін күтпеген жағдай орын алып отыр. Бұрын соңды «Алтын адам» номинациясын жеңімпаз атанамын деп ойламаппын. Бұл менің ғана жетістігім емес. Менімен бірге болған, қолдау көрсеткен адамдардың да жетістігі. Барлық ұстаздарыма, әріптестеріме және барлық жанымдағы жандарға алғысымды білдіргім келеді,- деді Е.Исмаилов.