Жыл басынан бері қазақстандықтар Түркиядан бір жарым мың баспана сатып алған

Жыл басынан бері қазақстандықтар Түркиядан бір жарым мың баспана сатып алған
Сурет: Ernur.kz

Отандастарымыз Түркияның тұрғын үй нарығын дамытып жүр.

Елдің статистика институты, әсіресе, маусым айындағы көрсеткіш екі есе артқанын айтады. Есесіне отандастарымыз ел ішіндегі баспанаға сұранысты азайтқан. Ай сайын сатып алу-сату келісімдерін рәсімдеу көрсеткіші төмендеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Кей компаниялар түрлі акциялар ұйымдастырып, жағдайды реттеуге әлек. Бірақ нарық ырық берер емес. Өткен айда құрылыс материалдары тағы қымбаттағанын айтады. Әзірге тек кірпіштің бағасы өзгермепті.

Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы мегаполистердегі ахуалға шолу жасаған.  Мысалы бас қалада эконом санатындағы үйлер ғана баға бойынша халыққа қолайлы. Мамандар Алматыдағы үйлердің қымбаттағанын атап өтті. Мұндағы бір шаршы метр 521 мың теңге шамасында. Ең қолжетімді баға Шымкентте тіркелген. Мұнда пәтердің шаршы метрі орташа алғанда 354 мың теңге.

Бір қызығы, Түркияда да құрылыс материалдары екі есе қымбаттаған. Соған қарамастан маусымда риэлторлар шетелдіктерге 81 пайызға көп баспана сатқанын айтып отыр.