Алматыда оқушыларға  «Жаппай оқыту» қорына 847 млн теңге бөлінді

Алматыда оқушыларға  «Жаппай оқыту» қорына 847 млн теңге бөлінді
almaty-akshamy.kz

Оқушыларды мектеп формасымен және кеңселік керек-жарақтармен қамтамасыз ету үшін «Жаппай оқыту» қорынан бөлінетін төлемдердің барысы туралы

Алматыда «Жаппай оқыту» қорынан ХӘОТ санатындағы отбасылардың оқушыларына ағымдағы жылы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға берілетін көмек сомасы 43 мың теңгені құрады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 847 млн теңге бөлінді. Биыл 20 мыңға жуық оқушы материалдық көмек алуға құқылы.

16 тамыздағы жағдай бойынша, 16 мың оқушының ата-анасының картасына қаржы аударылды.

Демеушілер мен меценаттар есебінен «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында 1000-нан астам балаға 17,3 млн теңгеге мектеп формасы мен кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді.

Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Демеушілер, меценаттар және балаларға көмек көрсетуге ниет білдірген қаланың барлық тұрғындары аудандық білім бөлімдеріне сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады:

- Алатау ауданы бойынша: 87006131198

- Алмалы ауданы бойынша: 87470448553

- Әуезов ауданы бойынша: 87025395397

- Бостандық ауданы бойынша: 87772806650

- Жетісу ауданы бойынша: 87472940554

- Медеу ауданы бойынша: 87759194000

- Наурызбай ауданы бойынша: 87089359498

- Түрксіб ауданы бойынша: 87479013814.