Жібек Құламбаева Forte 60 Women’s турнирінің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Forte 60 Women’s турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: Footballhd.ru

Жарыс 27 ақпанда мәреге жетеді.

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында елордада өтіп жатқан ITF «Forte 60 Women’s» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Жібек Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге бастапқы кездесуін қазақстандық Софья Чурсина - гонконгтық Нг Кван Юмен өткізді. Тартысты өрбіген бірінші партияны Құламбаева мен Кубка 7:5 есебімен аяқтады. Олар екінші сетте де ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ - 6:2. Қазақстандық-польшалық жұп жартылай финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Абураимова - Ақгүл Аманмұрадовамен таласады. Жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс 27 ақпанда мәреге жетеді.