Отандық музыкант түрлі роликтер пен голливудтық кинохиттер әуенін жазады

Отандық музыкант түрлі роликтер пен голливудтық кинохиттер әуенін жазады
Сурет: Esquire.kz

Тигран Папазян Warner Brothers, Sony, The Walt Disney Company, Universal Pictures сынды танымал компаниялармен серіктес болған.

Солтүстік өңірінің тумасы Тигран Папазянның есімі кәсіби ортада жақсы танымал. Ол «Последний богатырь: «Корень зла», «Собибор», «Карамора» сериалына және басқа да аты шулы фильмдердің трейлеріне әуен жазған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар жас композитор түрлі ролик пен голливудтық кинохиттер музыкасының авторы екенін айта кеткен жөн. Тигран музыкамен 11 жасынан бастап айналыса бастаған. Оның айтуынша, бұл салада белгілі бір деңгейге көтерілу үшін адам өзі еңбектеніп, ізденуі керек. Оның қазіргі жастарға айтары да осы.

«Алғашында америкалық фильмдерге музыканы лицензиялаумен айналысатын шетелдік лейблдерге хабарластым. Олар трейлер музыкасының каталогтарын жинап, кейін өз тұтынушыларына ұсынады. Мен каталогқа өз әуендерімді қалдырамын, ал олар трейлерде қолданады. Осылай сол ортада танымал бола бастадым. Кейін ресейлік фильмдерге трейлер жазатындар хабарласты», - дейді коипозитор Тигран Папазян.

Композитор трейлерлік музыка кез келген жанрда дамуға, баға жетпес тәжірибе жинауға мүмкіндік беретініне сенімді. Қазіргі таңда оның 25-тен астам жазған әуені 50-ден астам түрлі фильмнің трейлерінде қолданылды.