Жезөкшелік қызмет ұсынған сайттар бұғатталды

Жезөкшелік қызмет ұсынған сайттар бұғатталды
Сурет: Polisia.kz

Жезөкшелікпен айналысқан 52 әйел мен 2 жеңгетай ұсталды.

Жеңіл жүрістілер қызметін ұсынған интернет-сайттар «STOP-трафик» профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент полициясы «Кибернадзор» бағдарламасының көмегімен жезөкшелік қызмет ұсынған 24 сайтты бұғаттады.

Үш күннің қорытындысы бойынша полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 52 азамат пен 2 жеңгетайды полиция басқармасына жеткізді.

Сонымен қатар шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін 22 адам жауапқа тартылды. Осы кодекстің 450-бабы бойынша жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін жалға үй-жай берген 9 адамға айыппұл салынды.