Жетісу облысында қару сатқан екі адам ұсталды

Жетісу облысында қару сатқан екі адам ұсталды
Сурет: Ашық дереккөз

Қарудың қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды.

Арнайы операцияны Талдықорған маңындағы ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен Ұлттық ұлан арнайы күштерінің қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
 
Көксу ауданының 35 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан Калашников автоматы (АК-74), карабин және 5,45 мм калибрлі 30 патрон тәркіленді. Арнайы база бойынша тексеру кезінде қарудың қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандар қатарына кіргені анықталды. Күдіктілер қамауға алынды.
 
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша жүргізіледі. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.