Жетісу ауданында үш емхана салынады

Жетісу ауданында үш емхана салынады
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ауданда бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің тапшылығы қатты сезілуде. Осы мәселелерді шешу үшін біз келесі шараларды іске асырамыз. Осы жылдың маусым айында "Кемел" шағынауданында ауысымына 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.

Өткен кездесулерде айтып өткенімдей, аудан әкімдігі Омаров көшесінде 200 келушіге, Нүсіпбеков көшесінде 300 келушіге және Рабочий поселкесінде ауысымына 240 келушіге арналған емханалар үшін 3 ғимарат сатып алды.

Осы жылдың маусым айында Нүсіпбеков және Омаров көшелеріндегі ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстарына конкурс жариялаймыз. Жөндеуді осы жылдың тамыз айында бастап, 2024 жылдың наурыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың II тоқсанына пайдалануға беріледі.

Рабочий поселкесінде ғимарат бойынша сатып алу шарты жасалды. Емхананы осы жылдың IV тоқсанында жөндеу жұмыстары мен жабдықтар сатып алынғаннан кейін ашу жоспарлануда.