Жетісу ауданында  тағы екі жаңа емхана ашылады

Жетісу ауданында  тағы екі жаңа емхана ашылады
almaty-akshamy.kz

Жаңа амбулаториялар мен емханалар: Алматының Жетісу ауданында  әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамуда

2024 жылдың мамыр айында Жетісу ауданының Жұмысшы кентінде 240 адам қабылдайтын емхана ашылады, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында. Жөндеу бойынша барлық жұмыстар аяқталды, қазіргі уақытта денсаулық сақтау мекемесінің толыққанды жұмысы үшін құжаттар ресімделуде. 

«Сонымен қатар, осы жылдың қазан айында Жетісу ауданында  тағы екі жаңа емхана ашылады, оның біреуін 200 келушіге арнап "Саяхат" автовокзалы ауданында және  300 келушіні қабылдайтын Құлагер шағын ауданында ашу жоспарлануда", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, мегаполис басшысы медициналық қызметтерді алу үшін 2024 жылдың қаңтарында  Кемел ш / а отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылғанын еске салды.