Жетісу ауданында екі жаңа ірі инженерлік жоба жүзеге асырылып жатыр

Жетісу ауданында екі жаңа ірі инженерлік жоба жүзеге асырылып жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала басшысы Ерболат Досаев осы ауданда инженерлік инфрақұрылымның дамуы туралы айтып берді.

«Жетісу ауданындағы жұмысымыздың басты бағытының бірі тұрғындарына сапалы коммуналдық қызметтер көрсету», - деді Ерболат Досаев. 

  • Қазір ауданда 80 км сумен қамту және 71 км кәріз желілерін салу бойынша 2 жаңа ірі инженерлік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобада Кемел, Айнабұлақ сайы, Серіков, Қазыбаев, Февральская, Омаров және т.б. 100-ден астам көше қамтылады.
  • Бірінші жобаны «Алматыинжстрой» ЖШС іске асырып, «Кемел» шағын ауданын толық қамтиды. Былтыр 5,7 км болатын 3 көшеге магистральдық су құбырлары тартылды. 2024 жылы жұмыстар жалғасады және осы жылдың соңына дейін аяқталады.
  • Екінші жобаны «НКО» ЖШС жүзеге асырып жатыр, ол 81 көшені қамтиды. Өткен жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары 15 көшеде жүргізілді, оның 4-уі толығымен аяқталды. 2024 жылы тағы 35 көшеде жұмыстарды жүргізу жоспарланған. 
  • Сонымен қатар, 2023 жылы жалпы ұзындығы 5,1 км, оның ішінде Құлагер және Айнабұлақ-2 шағын ауданында және Казаков, Бродский, Колпаковский-Есенов көшелерінде магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жүргізілді.

«Биыл Айнабұлақ-2, 3 шағын ауданында және Бродский көшесінде ұзындығы 3,3 км жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстарын жалғастырамыз», - деді мегаполис басшысы