Жетісу ауданында 40 жоба іске асырылуда

Жетісу ауданында 40 жоба іске асырылуда
almaty-akshamy.kz

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Жетісу ауданында 40 жоба іске асырылуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Оның ішінде аулаларды, скверлер мен парктерді  абаттандыру жерасты қоқыс контейнерлерін орнату және т.б. жобалар бар. Барлық жобаларды аяқтау осы жылдың қазан айына жоспарланған.Аудан тұрғындарының өтініші бойынша әзірлеген Көкжиек шағын ауданындағы  парк аймағын абаттандыру және Есентай өзенінің бойымен Черновцкая көшесіне дейін жағалау аймағын жалғастыру екі жобасын іске асыру басталды.