Жер учаскесі қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылады

Жер учаскесі қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылады
nsk.aif.ru

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Өткен жылы желтоқсан айының басында Политехнический көшесінің жабылуы қоғамдық резонанс тудырды.

Құрылыс салушы «TUAR Invest» компаниясының жобасы бойынша осы көшенің компанияға тиесілі бөлігі жабылды. Мұнда екі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Құрылыс салушы жобаны өзгертті. Қазіргі уақытта көше ашық, компанияның өз қаражаты есебінен жол жабыны қалпына келтірілді. Осы ақпан айының соңына дейін жер учаскесі қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.