Жеке күзет ұйымдарына қойылатын талаптар өзгерді  

Жеке күзет ұйымдарына қойылатын талаптар өзгерді  
www.inform.kz

ҚР Ішкі істер министрінің 19 тамыздағы бұйрығымен күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, жаңа талаптар төмендегідей: 
Күзет қызметтерін көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуы;
Меншік не жалға алу құқығында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыруға арналған офистік үй-жай болуға тиіс;
Орталықтандырылған бақылау пульті болуы тиіс.
Бұрын күзет ұйымынан радиобайланыстың болуы, объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін кемінде екі ұтқыр топ (жедел ден қою тобы), қызметтік, оның ішінде атыс қаруының болуы талап етілетін. 
Бұйрық 2021 жылғы 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.