Жазғы универсиада: қоржында тағы екі медаль

Жазғы универсиада: қоржында тағы екі медаль
Сурет: ашық дереккөз

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ел құрамасынан 2 тамызда ушу Бексұлтан Қоскенов (60 келі) ерлер арасында жартылай финалда Ма Йигуге 0:2 есебімен жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Ал Айгерім Төреханова (60 келі) жартылай финалда түркиялық Берне Тутқа жеңіліп қалды.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 13 медаль алды. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола бар.

Жазғы универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.