Жазғы универсиада: Әзірге тоғыз медаль

Жазғы универсиада: Әзірге тоғыз медаль
Сурет: olympic.kz

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы төрт медаль түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ел құрамасынан садақшы Диана Тұрсынбек олимпиадалық садақ ату сайысында финалда оңтүстіккореялық Чой Ми Сунге 2:6 есебімен есе жіберіп қойды.

Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева екі жүлдеге ие болды. Ол доппен ойын көрсету сайысында екінші орын алды.

Бірінші орын Венгрия спортшысына бұйырса, үздік үштікті болгариялық гимнастшы түйіндеді.