Жауапсыздар жауапқа тартыла ма?

Жауапсыздар жауапқа тартыла ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әуезов ауданының аумағындағы Алтынсарин мен Жұбанов көшелерінің қиылысында велошабандоздардың композициясын жауапсыз біреулер сындырып, майыстырып кетіпті. Әрине, қала басшылығы шахарды көріктендіру үшін барын салуда. Дегенмен біз сөз етіп отырған композицияның айналасында камералар тұр. Сондықтан Алматы қаласы Полиция департаменті бұл жағдайды  назарда ұстайды деген сенімдеміз. Ал өз аумағындағы мәселені назарда ұстайтын Әуезов ауданының әкімшілігі шұғыл әрекет ететініне сенім мол.