Жастарға қолдау көрсетілді

Жастарға қолдау көрсетілді
Сурет: Самат Құсайынов

Жұмыспен қамтылмаған жастарға арналған «Акселератор» жобасының 50 қатысушысына өз жобаларын іске асыру үшін  мемлекеттік грант берілді. 

 Аталмыш шара «Almaty Resort» шипажайында өтті.  «Jas Camp Almaty» жастар лагерінде 50-ден астам жастар өздерінің бизнес жоспарын іске асыруға мүмкіндік алды. Оларға 1 млн.теңге көлемінде мемлекеттік гранттарды Алматы қаласының әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев салтанатты түрде табыстап, өз құттықтауын айтты. 

Бұл жоба бизнесті басқару саласында жаңа білім алу, жобаларды іске асыру жолдарын анықтау және оларды орындау үшін қажетті ресурстарды табу арқылы қаланың жұмыспен қамтылмаған жастарын қолдауға бағытталған.

 «Жобаға тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар 1000-нан астам жас балалар қатысты, олардың 100-і бес күн ішінде «Almaty Resort» кешенінің базасында білікті тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан шеберлік сыныптарынан өтті», – дейді шараның ұйымдастырушысы Ақылбек Досжан.

Оқыту барысында қатысушылар кәсіпкер ретінде қажетті дағдылар мен кәсіптерді үйренуге, қоғамдағы тәуелсіз өмірге бейімделуге және өз ойларын  жүзеге асыратындай пайдалы дағдыларды игеруге ерекше назар аударылды.

«Жастарға қолдау білдіріп, қаржылай көмек білдірген Алматы қаласының әкімдігіне алғыс білдіреміз. Мен ортопедиялық матрас жасайтын цех ашу үшін бизнес құрған болатынмын. Мінекей, оны жүзеге асыру үшін қаржы да алып жатырмын. Достар да тауып жатырмын», – деді алматылық қатысушы.

Айта кетейік, іс-шараны «Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы» КММ ұйымдастырды.